14.09.2016 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Д.Н. Назарбаеваны
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді
2016 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңының 24-бабы 5, 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Н.М. Оразалин туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 335 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Н.М. Оразалиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқтыратын негіздер туындағанын белгіледі.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заңының 24-бабы 1-тармағына сәйкес және «Д.Н. Назарбаеваны Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 336 Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваны тіркеу туралы қаулы қабылдады.