БЕРІЛГЕН ДАУЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ – сайлаушылардың сайлауда қандай да бір кандидаттың немесе саяси партияның пайдасына, сондай-ақ референдум шеңберіндегі жауаптың нақты нұсқасы үшін сайлауда берген дауыстарының сомасы. Сайлаушылардың  дауыстарының жалпы саны сайлау жеңімпазын анықтайды және нақты елдегі сайлауда қолданылатын сайлау жүйесіне сәйкес мандаттарды бөлу кезінде ескеріледі.