ЖАРАМЫЗ (БҮЛІНГЕН) БЮЛЛЕТЕНЬ – заңда белгіленген жағдайларда дауыстарды тікелей санау кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерінің қатарынан алып тасталатын сайлау бюллетені. Әдетте, сайлау бюллетені сайлаушының ерік білдіруін анықтаудың мүмкін еместігі, оны қарындашпен толтырудың немесе учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің қолдарының болмауы себебінен жарамсыз деп танылады.