КӨП САТЫЛЫ САЙЛАУ –  азаматтар тікелей сайланбалы органды сайлайтын, содан кейін таңдаушылар қызметін іске асыра отырып, келесі деңгейдегі сайланбалы органға тұлғаларды сайлайтын сайлау өткізу тәртібі. Мұндай тәртіптің жанама сайлаудан айырмашылығы, азаматтар көп сатылы сайлау кезінде тұрақты жұмыс істейтін органды сайлайды, ал жанама сайлау кезінде олардың өкілдері (таңдаушылар) нақты сайлау аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.