САЯСИ АБСЕНТЕИЗМ – азаматтардың саяси процестерге, ең алдымен сайлау процесіне қатысудан саналы түрде бас тартуымен немесе оларға деген немқұрайлы қатынасымен сипатталатын саяси мінез-құлық нысаны. Абсентеизм сайлаушылардың сайлау іс-шараларындағы белсенділігінің төмендігінде, өкілді органдардың лауазымды тұлғаларын сайлауда және референдумда дауыс беруден жалтаруда көрініс береді.