САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ – сайланбалы қызметке сайлау үшін кандидаттардың аты-жөні немесе саяси партиялардың атаулары көрсетілген белгіленген үлгідегі арнайы парақ. Бюллетень сайлаушының оны жеке толтыру арқылы сайлауда өз қалауын білдіруге арналған. Оған мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген барлық кандидаттар және  «Бәріне қарсымын» деген баған енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінде саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген баған енгізілген.