САЙЛАУ ДАУЛАРЫ – бұл сайлау процесіне қатысушылар арасында туындайтын, қарауды және шешуді қажет ететін келіспеушіліктер. Сайлау дауларын шешу сайлау комиссияларында немесе сотта жүзеге асырылады. Сайлау дауларының әділ және шынайы шешілуін қамтамасыз ету сайлау процесінің және сәйкесінше сайланған лауазымды тұлғалар мен билік органдарына заңдылығына ықпал етеді.