САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРУ – тұлғаның бұрын ие болған сайлау құқығынан айырылуы туралы шешім. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған немесе сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды қоспағанда, 18 жасқа толған барлық азаматтардың дауыс беру құқығы бар.