САЙЛАУДЫ БАЙҚАУШЫЛАР – жарғылық қызметiне сайлаудың және референдумның өткізілуін байқау кіретін саяси партиялар мен өзге де аккредиттелген қоғамдық бiрлестiктердiң, коммерциялық емес ұйымдардың өкілі болып табылатын ҚР азаматтары, сондай-ақ  сайлау мен референдумға дайындалу және өткізу, сайлау учаскелерінде дауыс беру және дауыстарды санау кезеңіндегі заңдылықтың, адалдықтың және әділеттіліктің қамтамасыз етілуіне мониторингті жүзеге асыруға өкiлеттiгi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдерi.