САЙЛАУШЫЛАРДЫ ХАБАРДАР ЕТУ – сайлау процесіне қатысушыларға алдағы немесе өтіп жатқан сайлауға, кандидаттарға, партияларға және сайлау науқаны туралы басқа да ақпаратқа қатысты қажетті  мәліметтерді  беру процесі. Мақсат – сайлау рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру, сайлаушылардың саналы дауыс беруіне ықпал ету, жосықсыз кандидаттар мен саяси партиялар тарапынан айла-шарғы жасау әдістерін қолдану тәуекелдерін барынша азайту.