СТЕЙКХОЛДЕР – сайлау процесіне қатысатын, оның өту барысына тікелей немесе жанама ықпал ететін, сайлау науқаны нәтижелерінен белгілі бір мәндерді күтетін мүдделі тұлғалар мен тұлғалар тобы. Олардың қатарында сайлау құқығы бар азаматтар, кандидаттар мен саяси партиялар, сайлау комиссиялары, БАҚ және сайлау процесінің өзге де қатысушылары бар.