04.04.2024 |
Сайлау құжаттарының кейбір нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1) және 6) тармақшаларына, 113-13-бабының 1 және 3-тармақтарына, 113-14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған нысандар белгіленсін:
1) бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағы (1-қосымша);
2) өзге сайлау құжаттары:
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтініш (2-қосымша);
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу жөніндегі өтінішті тіркеу хаттамасы (3-қосымша);
бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша азаматтардың бастамашыл тобы мүшесінің куәліг (3-1-қосымша);
депутатты кері шақырып алуды қолдайтын қолдарды тексеру нәтижелері туралы хаттама (4-қосымша);
дауыс беруді өткізу туралы шешім (5-қосымша).
2. Осы қаулы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына басшылыққа алу үшін жіберілсін.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға м.а. |
К. Петров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 3 сәуір
№ 23/25