16.03.2017 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі
С. Мұстафина 2017 жылға арналған пилоттық электораттық оқыту жобасының шеңберінде «Электораттық оқыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар» тақырыбында бейнеконференция өткізді
2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. Мұстафина облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі және жастар саясаты басқармаларының бірінші басшылары, сайлау комиссияларының төрағалары үшін «Электораттық оқыту бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар» тақырыбында бейнеконференция өткізді.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының электораттық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасының орындалу жай-күйі, әлеуметтік жобаларға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаттары мен тетіктері, сондай-ақ ҚР ОСК-ның әдістемелік сүйемелдеуімен өңірлердегі жастарды электораттық оқыту жобаларын іске асырудың ықтимал бағыттары мен нысандары талқыланды.
Бейнеконференцияның соңында талқыланудағы тақырып бойынша сұрақ-жауап нысанында пікір алмасу болды.