25.03.2017 |
Баспасөз релизі
М.А. Сәрсембаев Азия сайлау органдары қауымдастығының Атқарушы кеңесі мен Бас Ассамблеясы отырысының жұмысына қатысты
2017 жылы 20 наурызда М.А. Сәрсембаев Филиппин астанасы Манилада болған Азия сайлау органдары қауымдастығының (АСОҚ) Атқарушы кеңесі мен Бас Ассамблеясы отырысының жұмысына қатысты. Осы іс-шара жұмысына Азияның 18 елінен 40 делегат қатысты.
АСОҚ Төрағасының функциялары 2017-2019 жылдарға Филиппин сайлау комиссиясының Төрағасы Андерс Баутитстеге көшті.
АСОҚ Бас Ассамблеясының отырысында АСОҚ Хатшысының 2014-2017 жылдары атқарған жұмысы туралы есебі, қаржылық есебі тыңдалды, АСОҚ-тың қауымдастырылған мүше ретінде Дүниежүзілік Сайлау органдарының қауымдастығына кіру мәселелері талқыланды және 2017-2018 жылдарға арналған АСОҚ жұмыс жоспары қабылданды, оны талқылауға Қазақстан Республикасының өкілі белсенді қатысты.
Бас Ассамблея жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі Азия сайлау органдары қауымдастығының Вице-Төрағасы ретінде Ресей Федерациясының сайлануы болды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Тайванмен қатар Азия сайлау органдары қауымдастығы Атқарушы кеңесінің жаңа мүшесі болып сайланды.
Сонымен қатар Азия сайлау органдары қауымдастығының Бас Ассамблеясы отырысының шеңберінде «Гендерлік проблематика мен сайлаудағы әлеуметтік интеграцияны есепке алу» тақырыбында конференция өтті, Филиппин, Үндістан, Непал және басқа да мемлекеттердің өкілдері озық тәжірибесі бойынша баяндамасымен сөз сөйледі және ақпараттық технологиялар көрмесі ұйымдастырылды.