23.05.2017 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2017 жылғы 24-25 мамырда Варшава қаласында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаев пен Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сараптамалық-әдістемелік кеңестің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры М.С. Башимов ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Сайлау департаменті басшылығымен кездеседі.
Кездесуде 2016 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасында өткен парламенттік сайлауды байқау бойынша ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының қорытынды есебінің ұсыныстары талқылауға салынады. Кездесу Қазақстан Республикасы және ЕҚЫҰ/ДИАҚБ арасында сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша сындарлы диалогты орнатуға бағытталған.