12.04.2019 |
Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі және шетелдік байқаушылардың қызметін ұйымдастыру және шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы екі Қаулыны бекітті
2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыста екі Қаулы қаралып, қабылданды:
1. «Президенттікке кандидаттардың 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы»;
2. «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы».
Екі Қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зауреш Хамитқызы Баймолдина ұсынды.
«Президенттікке кандидаттардың 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру туралы»
Конституцияда Президенттікке кандидаттарға мынадай талаптар белгіленген:
33-баптың 2 және 3-тармақтарында:
- Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
- соттың әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлануға құқығы жоқ.
41-баптың 2-тармағы:
- Қазақстан Республикасының Президенті болып туғаннан кейін, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жылда тұратын және жоғары білімі бар республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңында мынадай талаптар бекітілген:
4-баптың 4-тармағы:
Президенттікке кандидат бола алмайды:
1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.
54-баптың 1-тармағы:
Президент болып сайлану үшін азаматтың мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы, сондай-ақ белсенді сайлау құқығы болуы тиіс.
54-баптың 2-тармағында Президенттікке кандидаттың өзіне Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін Орталық сайлау комиссиясы кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме ұсынылған кезден бастап бес күн ішінде кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге белгілейді.
Кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы мәлімдемесіне келетін болсақ, оның нысаны Орталық сайлау комиссиясының а.ж. 10 сәуірдегі № 10/233 қаулысымен бекітілген.
Өтінішке жеке нысан бойынша өмірбаяндық деректер, мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Президенттікке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізетінін атап өткен жөн.
Құжаттардың толық пакеті болған кезде Орталық сайлау комиссиясы оларды қарауға қабылдайды.
Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген құжаттар келіп түскен сәттен бастап дереу уәкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді:
Уәкілетті органдардан тиісті мәліметтер келіп түскеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы хаттама жасайды, оның нысаны Орталық сайлау комиссиясының а.ж. 10 сәуірдегі № 10/233 қаулысымен белгіленген.
Аталған хаттамада Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың заң талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін, оның ішінде лингвистикалық комиссияның қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді білуін белгілейді.
Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады.
Хаттамаға Орталық сайлау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды.
Бұл ретте хаттамаға мемлекеттік органдардан келіп түскен мәліметтер қоса беріледі.
Бұдан басқа, жоба ОСК уәкілетті органдарға сұрау салуларды жіберу мерзімін және олардың осы сұрау салуларға жауап беру мерзімдерін көздейді.
«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы»
Өткен жылы сайлау туралы Конституциялық заңға шет мемлекеттермен халық аралық ұйымдардың байқаушыларын аудармашы ілесіп жүруге құқылы туралы жаңа норма енгізілді.
Бұл норманы Ортсайлаукомның қаулысымен бекіту ұсынылды.
Сайлау туралы Конституциялық заң қадағалаудың тиісті тәртібін көздейді. Осыған байланысты шетел мемлекеттерімен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша ОСК жанынан аккредиттелетінін қарастыру ұсынылды.
Осылайша, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкілі СІМ берген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыра алады.
2019 жылғы 10 сәуірде 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Оның ережелерін негізге ала отырып, аккредиттеу мерзімі белгіленді.
Осыған байланысты қаулы жобасы мен аккредиттеуді өткізу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2019 жылғы 3 маусымда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағатта аяқталады деп белгіленеді.
Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ-тың барлық сұрақтарына жауап берді.