01.04.2024 |
2024 жылғы 31 наурызда өткен Қазақстан Республикасының
мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау
қорытындылары туралы
Ағымдағы жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының 14 өңірінде – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының 83 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
Барлығы 3 облыстық, 20 қалалық және 60 аудандық мәслихаттардың депутаттары сайланды.
500 сайлау комиссиясы, оның ішінде 14 облыстық, 63 қалалық пен аудандық, 83 округтік және 340 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Сайлау бюллетеньдеріне 250 кандидат енгізілді.
Сайлаушылардың келуі – 44,52%.
14 өңірде 83 сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасының мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары:
1. Абай облысы |
7. Жетісу облысы |
8. Қарағанды облысы |
10. Маңғыстау облысы |
11. Павлодар облысы |
13. Түркістан облысы |