25.04.2024 |
Ақпараттық хабарлама
2024 жылғы 25 сәуірде Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.
Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.
Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 10:00-де басталады.
Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер болып отыр.
Қызылорда облысы бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 152 депутаты енгізілген.
Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады:
- таңдаушыларды тіркеу бойынша: https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Diagram?lang=kk
- дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару бойынша: https://dot.saylau.kz/erv/Ervpi/Results?lang=kk
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-арнасында жарияланады - https://t.me/electionelection.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 6 наурызда Ортсайлаукоммен Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау тағайындалды.