ЖӨНСІЗ САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГІТ – сайлау науқаны кезінде сайлау процесіне қатысушылардың сайлау барысына және нәтижелеріне ықпал ету мақсатында заңмен тыйым салынған әдістермен жүзеге асыратын әрекеттері. Оларға айла-шарғы жасау, сайлаушыларды сатып алу, материалдық игіліктер мен қызметтер көрсетудің тегін немесе жеңілдетілген шарттарын ұсыну, қайырымдылық іс-шараларын жүзеге асыру, шынайы емес ақпарат тарату, оның ішінде басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат тарату, уәде беру, егер сайланған жағдайда преференциялар ұсыну және басқа тыйым салынған әрекеттер жатады.