ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕР БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ – сайлаушы  нақты кандидатқа емес, саяси партияға дауыс беретін дауыс беру түрі. Дауыс берудің бұл түрін қолдану «пропорционалды сайлау жүйесі» деп аталатын сайлау жүйесіне тән. Сайланбалы органға (Мәжіліс, мәслихат) дауыс берген сайлаушылар санының кемінде 5%-ын алған саяси партиялар өтеді.