РЕФЕРЕНДУМ – нәтижесінде қоғамдық және мемлекеттік маңызы бар сұрақ (сұрақтар) бойынша шешім қабылданатын азаматтардың дауыс беру арқылы тікелей өз еркін білдіру рәсімі. Қазақстанда республикалық референдум Конституцияның, конституциялық заңдардың және мемлекет өмірінің басқа да неғұрлым маңызды мәселелері бойынша шешімдердің жобалары бойынша бүкіл ел аумағындағы жалпыхалықтық дауыс беруді білдіреді