САЙЛАУ ПРОЦЕСІ – азаматтарға сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға сайлауға және сайлануға мүмкіндік беретін рәсімдер жиынтығы. Сайлау процесі мынадай негізгі кезеңдерді қамтиды: ұсыну, сайлаушыларды тіркеу, кандидаттар мен саяси партиялардан кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау науқаны, дауыс беру, дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын жариялау және сайлау процесіне қатысушылардың әрекеттеріне дау туындаған және шағымданған жағдайда, дауларды реттеу және апелляция  рәсімдерін қолдану.