ҮЙДЕ ДАУЫС БЕРУ – сайлау учаскесінде емес, тұрғылықты жері бойынша дауыс беру арқылы сайлаушының өз таңдауын білдіру рәсімі. Бұл дауыс беру мүмкіндігін көбінесе денсаулық жағдайына байланысты, отбасының науқас мүшесіне күтім жасайтын азаматтар, мүгедектігі  бар тұлғалар немесе қарт  адамдар пайдаланады.