АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – мемлекеттік емес қоғамдық институттар (өзін-өзі басқару қауымдастықтарының) саласы, онда әрбір адам қоғамдық өмірдің дербес субъектісі ретінде әрекет етеді, өзін-өзі анықтайды және өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Азаматтық қоғам  тұлғалардың дербес еркіндігінің  жоғары дәрежесімен және бір-бірімен және мемлекетпен автономды өзара әрекеттестігімен сипатталады.