ЗАҢДАСТЫРУ – жария билік органдарының, әлеуметтік-саяси институттардың немесе олардың қызметінің заңдылығын, яғни көрсетілген құрылымдардың мәртебесі, өкілеттігі мен қызметінің заңнама нормаларына сәйкестігін тану процесі. Заңдастыру мәселелерінде халықтың билікті жүзеге асыру субъектілеріне және оларды сайлау немесе тағайындау рәсімдеріне деген сенімінің болуы маңызды.