ЛАУАЗЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ – сайлау процесінде немесе референдумды өткізген кезде лауазымды тұлғаның құқықтарын теріс пайдалану, оның ішінде қызмет жағынан тәуелді адамдарды  заңсыз әрекеттер жасауға тарту, сайлау процесіне немесе референдумға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға кедергі келтіру, кандидаттарға немесе саяси партияларға сайлау науқанын жүргізуде тең емес жағдайлар жасау, сайлауда немесе референдумда белгілі бір нәтижелерді алу мақсатында басқа да әрекеттерді жасау.