ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ (ОСК) – бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін орган. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі ОСК-ны Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша – тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады. ОСК мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.