ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ – азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету, сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, сайлау процесін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету үшін құрылған мемлекеттік орган. Елдегі сайлау комиссияларының жүйесін басқаратын тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.