ПАЙЫЗДЫҚ КЕДЕРГІ – бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша партиялық тізім немесе кандидат үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан, мемлекеттік биліктің өкілді органына өту үшін еңсеруі тиіс дауыстардың ең төменгі пайызы. Мәжіліс немесе мәслихаттардағы депутаттық мандаттарды бөлу кезінде бұл кедергі 5 пайызды құрайды.