САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНЬДЕРІН  ТАСТАУ (сайлау «каруселі») – тұлғаның бір сайлау кезінде бір немесе әртүрлі сайлау учаскелерінде қайталап дауыс беру үшін екі немесе одан да көп бюллетень алуы.  Іс жүзінде «карусельді» ұйымдастыру көбінесе сайлау нәтижелеріне әсер ету үшін жеке тұлғаларды сатып алумен байланысты.