УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ (УСК) – тиісті сайлау учаскелерінде сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ететін орган. УСК-ны тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады. Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде сайлаушылар санына байланысты құрамында 5-тен 9 адамға дейін УСК мүшелерін тиісті мәслихаттар сайлайды.