ҮГІТ НАУҚАНЫ – нақты кандидаттарды, партияларды немесе саяси ұстанымдарды қолдау, сондай-ақ халықты сайлау процесіне немесе референдумға қатысуға ынталандыру мақсатында қоғамдық пікірге ықпал етудің ұйымдастырылған процесі. Осының аясында көпшілік алдында сөз  сөйлеу, БАҚ басылымдары, үгіт материалдары, онлайн-платформалар және басқа да ақпараттық  ықпал ету нысандарын пайдалануға болады.