| 07.12.2005 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 44 және 65 баптарына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және облыстық, Астана мен Алматы қалалары сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудағы дауыстарды санаудың нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын. Н. Ә. Назарбаев үшін «жақтап» 6 147 517 (алты миллион бір жүз қырық жеті мың бес жүз он жеті) дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 91,15 пайызы берілді. Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға О. Жұмабеков
Астана қаласы 2005 жылғы 6 желтоқсан
№ 54/109
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
