| 19.11.2005 |
|
2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған
Қазақстан Республикасы Президентінің
сайлауында дауыс беру кезінде сайлау
бюллетеньдеріне арналған конверттерді
пайдалану және дайындау туралы
"Ќазақстан Республикасындаѓы сайлау туралы" Ќазаќстан Республикасының 1995 жылѓы 28 ќырк‰йектегі Конституциялыќ Зањыныњ 8- жєне 12-баптарына, Ќазаќстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Ќазаќстан Республикасының Орталыќ сайлау комиссиясы туралы Ереженің 8-тармағына сәйкес, жасырын дауыс беру қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Ќазаќстан Республикасы Орталыќ сайлау комиссиясы ЌАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беру кезінде сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттер (бұдан әрі - конверттер) пайдаланылсын.
2. Сайлаушыға сайлау бюллетенін беру конвертпен бірге жүзеге асырылсын.
Сайлаушы сайлау бюллетенін толтырғаннан кейін өз қалауы бойынша оны дауыс беруге арналған жәшікке салынатын конвертке салады.
3. Конверттерді "Ќазаќстан Республикасындаѓы сайлау туралы" Ќазаќстан Республикасының Конституциялыќ Зањында сайлау бюллетеньдерін дайындау мен жеткізу үшін белгіленген санда және мерзімдерде орталықтандырып дайындау, сондай-ақ жеткізу қамтамасыз етілсін.
Сайлау учаскесінде дауыстарды санау кезінде конверттер есептеледі, ол туралы қоса беріліп отырған нысанда акт жасалады. Учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесіне келіп түскен конверттерді санау туралы актісі Ќазаќстан Республикасы Президентінің сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамамен қоса аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Қоса беріліп отырған:
1) конверттің сипаттамасы (№ 1 қосымша);
2) учаскелік сайлау комиссиясының сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттерді санау туралы актісінің нысаны (№ 2 қосымша) бекітілсін.
5. Конверттердің уақтылы дайындалуы мен жеткізілуін бақылау Ќазаќстан Республикасының Орталыќ сайлау комиссиясы Төрағасының Орынбасары Қ.Т. Тұрғанқұловқа жүктелсін.
6. Осы қаулы № 1 қосымшасыз облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
7. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
8. Осы қаулы № 1 қосымшасыз бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Ќазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 18 қараша
№ 45/89
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
