| 01.07.2026 |
|
Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған
үй-жайда орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін
ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына, 28-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Құрылтай, мәслихаттар депутаттығына партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, мәслихаттар депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне, әкім болуға кандидаттар туралы ақпарат осы қаулыға № 1, № 2 және № 3 қосымшаларға сай бірыңғай форматта қамтылатын болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы бірыңғай форматтағы ақпаратты бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174, «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 55/390, «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 7 шілдедегі № 9/415 және «Сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орналастырылатын кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпаратты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 20 ақпандағы № 48/731 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы астанасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
5. Осы қаулы оған қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 жылғы 1 шілде
№ 26/53
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
