| 18.11.2005 |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 50-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ереже
Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құқықтық, ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық және өзге де іс-шаралардың жиынтығын қамтитын электрондық сайлау жүйесін қорғаудың біртұтас тәртібін білдіреді.
2. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.
3. Электрондық дауыс беру жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету оған кіретін және одан шығатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын, уақтылылығын, ақпаратқа рұқсат етілмеген жолмен қол жеткізуді, бағдарламалық-техникалық құралдар қызметінің бұзылуын болдырмауға, ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, іздеуге және беруге бағытталған.
Электрондық дауыс беру жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін мынадай базалық элементтер құрайды:
1) электрондық сайлау жүйесінде қамтылған ақпаратты рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау;
2) электрондық сайлау жүйесінің сақталуы – деректер мен бағдарламалық кодтың сақталуын және бүтіндігін қамтамасыз ету;
3) электрондық сайлау жүйесінің сенімділігі – жүйенің жаңылыспай жұмыс жасауының талап етілетін режимімен қамтамасыз ету.
4. Электрондық дауыс беру жүйесіне қатысты кез келген іс-шаралар мен жұмыстар оның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі шаралар міндетті түрде қабылданған кезде жүзеге асырылады.
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы;
2) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын);
3) электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі байланыс қызметтерін ұсынуға шарт жасасқан байланыс операторы;
4) жергілікті атқарушы органдар.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:
1) Қазақстан Республикасы аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; оның біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді; өз құзіретінің шегінде Республиканың бүкіл аумағында міндетті шешімдерді қабылдайды;
2) электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелмеген бөлігінде пайдалану тәртібін айқындайды;
3) электрондық сайлау жүйесін дамытуға қойылатын талаптарды айқындайды;
4) электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын мен сайлау округтері мен сайлау учаскелерінің тізбесін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорын:
1) электрондық сайлау жүйесінің инфрақұрылым объектілері желісін ұстау және дамыту саласындағы шаруашылық қызметін жүзеге асырады;
2) серверлердегі операциялық жүйелерді әкімшіліктендіреді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес электрондық сайлау жүйесіне қол жеткізу өкілеттіктерінің құрылымын әзірлейді, электрондық сайлау жүйесіне қол жеткізуді ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарныың біртұтас электрондық Тіркеу тізілімінің ұстаушысы болып табылады;
5) электрондық сайлау жүйесінде болып жатқан оқиғаларға бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) электрондық сайлау жүйесін пайдаланушылардың серверлерінің, компьютерлерінің вирусқа қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді;
7) электрондық сайлау жүйесінің дерекқорын әкімшіліктендіреді, оның ішінде талаптардың есепке алынуын, мұрағаттау және қалпына келтіру, тартыстарды шешу, ақпараттық жүйе деңгейлері арасындағы деректердің қол жетімділігін, қайшылықсыздығын, бірігейлігін қамтамасыз етеді;
8) жабдықтардың жаңылысу кезінде бұзылудан, қате жаңартудан және рұқсат етілмеген қол жеткізуден электрондық сайлау жүйесінде қамтылған ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді;
9) бағдарламалық-техникалық кешендердің жаңылысуы мен істен шығуынан кейін ақпараттың дұрыстығын қалпына келтіреді.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс операторы:
1) электрондық сайлау жүйесінің жұмыс жасауы үшін байланыс арналарын ұсынуды және осы арналарға қызмет көрсетуді;
2) электрондық сайлау жүйесінің құрылымдалған жергілікті желісіне Кәсіпорын мамандарының қол жеткізуін ұйымдастыруды;
3) электрондық сайлау жүйесінің коммуникациялық жүйесінің тұрлаулы түрде істен шықпауы мен қалпына келтірілуін;
4) электрондық сайлау жүйесінің байланыс арналары бойынша жіберу кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін коммуникациялық-техникалық шараларды қамтамасыз етеді.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары:
1) электрондық сайлау жүйесінің жабдықтарын орналастыруға қажетті аудандарды бөледі және үздіксіз электр жабдықтауымен қамтамасыз етеді;
2) сайлау учаскелеріндегі электрондық сайлау жүйесі жабдықтарының табиғи қауіпсіздігін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
10. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралардың базалық құрамдас бөлігі ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құруға кешендік көзқарасты қолдану болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құрудың кешендік жолы қатерді, оның ішінде техникалық арналар бойынша ақпараттың сыртқа шығуын талдау мен бағалауды, қорғалатын ақпараттың сипаты мен маңыздылығын ескеруді, ақпаратты өңдеу технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасауды қамтиды.
11. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде электрондық сайлау жүйесінің аппараттық-бағдарламалық өнімі:
1) электрондық сайлау жүйесі бағдарламалық өнімінің шығыс кодтары;
2) кешеннің жекелеген модульдерінің өзара байланыстарының құрылымдық сызбасы;
3) электрондық дауыс беруді өткізу процесінде жинақталған және кешеннің жеке модульдерінің арасында берілетін деректердің тізбесі мен құрылымы;
4) деректердің криптографиялық қорғауда пайдаланатын алгоритм;
5) кешендердің модульдері арасындағы қосылуды орнатудың және олардың жариялығын растаудың техникалық сипаттамалары (деректерді жіберу хаттамасы, қосылуға қатысушылардың бірегейлендіру белгілері, қосылудың уақытша сипаттамалары және т.б.);
6) кешенді рұқсат етілмеген кіруден қорғауда қолданылатын аппараттық-бағдарламалық құралдар;
7) сайлаушылардың дербес деректері;
8) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де мәліметтер қорғалуға тиіс.
Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде сондай-ақ бағдарламалық-математикалық әдейі әсер ету арқылы ақпараттың сыртқа шығуының, оған рұқсат етілмеген қол жеткізудің, оны бұзудың, жоюдың немесе бұрмалаудың нақты қаупі бағаланады және ақпаратты қорғау жөнінде техникалық және экономикалық негізделген шаралар әзірленеді, қабылданатын шаралардың тиімділігіне бақылау жүргізіледі.
12. Электрондық дауыс беру жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шаралары мен әдіс, тәсілдерінің жойылу, бұзылу, оның сыртқа шығуы, бұрмалау болған жағдайдағы тиісті шығынның көлеміне байланысты әзірленеді.
13.Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйін бақылау техникалық арналар бойынша ақпаратқа рұқсат етілмеген қол жеткізуді және оны бұзуға, жоюға немесе бұрмалауға бағытталған әдейі бағдарламалық-математикалық әсер етуді қоса уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
Бақылау дауыс берудің электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, басқа да басшылыққа алынатын құжаттардың орындалуын тексеруді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың негізділігін бағалауды, осы жұмысты ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
- Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ереже бекітілсін.
- Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жіберілсін.
- Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 2005 жылғы 18 қараша
№ 45/90
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы № 45/90
қаулысымен бекітілген
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы № 45/90
қаулысымен бекітілген
Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ереже
Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құқықтық, ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық және өзге де іс-шаралардың жиынтығын қамтитын электрондық сайлау жүйесін қорғаудың біртұтас тәртібін білдіреді.
2. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды.
3. Электрондық дауыс беру жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету оған кіретін және одан шығатын ақпараттың дұрыстығын, толықтығын, уақтылылығын, ақпаратқа рұқсат етілмеген жолмен қол жеткізуді, бағдарламалық-техникалық құралдар қызметінің бұзылуын болдырмауға, ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, іздеуге және беруге бағытталған.
Электрондық дауыс беру жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін мынадай базалық элементтер құрайды:
1) электрондық сайлау жүйесінде қамтылған ақпаратты рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау;
2) электрондық сайлау жүйесінің сақталуы – деректер мен бағдарламалық кодтың сақталуын және бүтіндігін қамтамасыз ету;
3) электрондық сайлау жүйесінің сенімділігі – жүйенің жаңылыспай жұмыс жасауының талап етілетін режимімен қамтамасыз ету.
4. Электрондық дауыс беру жүйесіне қатысты кез келген іс-шаралар мен жұмыстар оның ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі шаралар міндетті түрде қабылданған кезде жүзеге асырылады.
2. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қатысушылары
5. Электрондық дауыс беру жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қатысушылары мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы;
2) «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын);
3) электрондық сайлау жүйесіне қызмет көрсету жөніндегі байланыс қызметтерін ұсынуға шарт жасасқан байланыс операторы;
4) жергілікті атқарушы органдар.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:
1) Қазақстан Республикасы аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; оның біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді; өз құзіретінің шегінде Республиканың бүкіл аумағында міндетті шешімдерді қабылдайды;
2) электрондық сайлау жүйесін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттелмеген бөлігінде пайдалану тәртібін айқындайды;
3) электрондық сайлау жүйесін дамытуға қойылатын талаптарды айқындайды;
4) электрондық сайлау жүйесі пайдаланылатын мен сайлау округтері мен сайлау учаскелерінің тізбесін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
7. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорын:
1) электрондық сайлау жүйесінің инфрақұрылым объектілері желісін ұстау және дамыту саласындағы шаруашылық қызметін жүзеге асырады;
2) серверлердегі операциялық жүйелерді әкімшіліктендіреді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сәйкес электрондық сайлау жүйесіне қол жеткізу өкілеттіктерінің құрылымын әзірлейді, электрондық сайлау жүйесіне қол жеткізуді ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарныың біртұтас электрондық Тіркеу тізілімінің ұстаушысы болып табылады;
5) электрондық сайлау жүйесінде болып жатқан оқиғаларға бақылау жасауды жүзеге асырады;
6) электрондық сайлау жүйесін пайдаланушылардың серверлерінің, компьютерлерінің вирусқа қарсы қорғалуын қамтамасыз етеді;
7) электрондық сайлау жүйесінің дерекқорын әкімшіліктендіреді, оның ішінде талаптардың есепке алынуын, мұрағаттау және қалпына келтіру, тартыстарды шешу, ақпараттық жүйе деңгейлері арасындағы деректердің қол жетімділігін, қайшылықсыздығын, бірігейлігін қамтамасыз етеді;
8) жабдықтардың жаңылысу кезінде бұзылудан, қате жаңартудан және рұқсат етілмеген қол жеткізуден электрондық сайлау жүйесінде қамтылған ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді;
9) бағдарламалық-техникалық кешендердің жаңылысуы мен істен шығуынан кейін ақпараттың дұрыстығын қалпына келтіреді.
8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланыс операторы:
1) электрондық сайлау жүйесінің жұмыс жасауы үшін байланыс арналарын ұсынуды және осы арналарға қызмет көрсетуді;
2) электрондық сайлау жүйесінің құрылымдалған жергілікті желісіне Кәсіпорын мамандарының қол жеткізуін ұйымдастыруды;
3) электрондық сайлау жүйесінің коммуникациялық жүйесінің тұрлаулы түрде істен шықпауы мен қалпына келтірілуін;
4) электрондық сайлау жүйесінің байланыс арналары бойынша жіберу кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ететін коммуникациялық-техникалық шараларды қамтамасыз етеді.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдары:
1) электрондық сайлау жүйесінің жабдықтарын орналастыруға қажетті аудандарды бөледі және үздіксіз электр жабдықтауымен қамтамасыз етеді;
2) сайлау учаскелеріндегі электрондық сайлау жүйесі жабдықтарының табиғи қауіпсіздігін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
10. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шаралардың базалық құрамдас бөлігі ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құруға кешендік көзқарасты қолдану болып табылады.
Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құрудың кешендік жолы қатерді, оның ішінде техникалық арналар бойынша ақпараттың сыртқа шығуын талдау мен бағалауды, қорғалатын ақпараттың сипаты мен маңыздылығын ескеруді, ақпаратты өңдеу технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылау жасауды қамтиды.
11. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде электрондық сайлау жүйесінің аппараттық-бағдарламалық өнімі:
1) электрондық сайлау жүйесі бағдарламалық өнімінің шығыс кодтары;
2) кешеннің жекелеген модульдерінің өзара байланыстарының құрылымдық сызбасы;
3) электрондық дауыс беруді өткізу процесінде жинақталған және кешеннің жеке модульдерінің арасында берілетін деректердің тізбесі мен құрылымы;
4) деректердің криптографиялық қорғауда пайдаланатын алгоритм;
5) кешендердің модульдері арасындағы қосылуды орнатудың және олардың жариялығын растаудың техникалық сипаттамалары (деректерді жіберу хаттамасы, қосылуға қатысушылардың бірегейлендіру белгілері, қосылудың уақытша сипаттамалары және т.б.);
6) кешенді рұқсат етілмеген кіруден қорғауда қолданылатын аппараттық-бағдарламалық құралдар;
7) сайлаушылардың дербес деректері;
8) Қазақстан Республикасының аумағында электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзге де мәліметтер қорғалуға тиіс.
Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру кезінде сондай-ақ бағдарламалық-математикалық әдейі әсер ету арқылы ақпараттың сыртқа шығуының, оған рұқсат етілмеген қол жеткізудің, оны бұзудың, жоюдың немесе бұрмалаудың нақты қаупі бағаланады және ақпаратты қорғау жөнінде техникалық және экономикалық негізделген шаралар әзірленеді, қабылданатын шаралардың тиімділігіне бақылау жүргізіледі.
12. Электрондық дауыс беру жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты шаралары мен әдіс, тәсілдерінің жойылу, бұзылу, оның сыртқа шығуы, бұрмалау болған жағдайдағы тиісті шығынның көлеміне байланысты әзірленеді.
3. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйін бақылау
13.Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйін бақылау техникалық арналар бойынша ақпаратқа рұқсат етілмеген қол жеткізуді және оны бұзуға, жоюға немесе бұрмалауға бағытталған әдейі бағдарламалық-математикалық әсер етуді қоса уақтылы анықтау және алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
Бақылау дауыс берудің электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, басқа да басшылыққа алынатын құжаттардың орындалуын тексеруді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралардың негізділігін бағалауды, осы жұмысты ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетуді қамтиды.
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
