| 12.11.2005 |
|
Қазақстан Республикасындағы сайлауларды байқау
жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2005 жылғы
17-26 қазандағы № 1 Аралық есебі туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республика-сының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасындағы сайлауларды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясының 2005 жылғы 17-26 қазандағы № 1 Аралық есебі (бұдан әрі – Аралық есебі) жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Мәлімдемесі қабылдансын.
2. Аралық есеп жөніндегі Мәлімдеме Елші, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ директоры Кристиан Штрохал мырзаға және Елші, Қазақстан Республикасындағы сайлауларды байқау жөніндегі миссияның Басшысы Одри Гловер ханымға жіберілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Мәлімдемесінің мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға О. Жұмабеков
Астана, 11 қараша 2005 жылы
№ 43/86
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
