| 12.11.2005 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы сайлауына дауыс беру
құқығын беретін есептен шығару
куәліктерін дайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы ның 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық за ңының 12 және 41-баптарына сәйкес Қазақстан Р еспубликасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары типография тәсілімен Қазақстан Р еспубликасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 1/2 қаулысымен белгіленген нысан бойынша тиісті облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 5 %-ы (бес пайызы) есебінен дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі – есептен шығару куәліктерін) дайындасын және аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына берсін.2. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларына тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 3 %-ы (үш пайызы) есебінен есептен шығару куәліктерін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Учаскелік сайлау комиссияларына бергеннен кейін қалған есептен шығару куәліктері аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларында сақталады және учаскелік сайлау комиссияларына тек сайлау учаскесінде есептен шығару куәліктерінің саны жетіспейтін жағдайда ғана беріледі.
3. Есептен шығару куәліктері акт бойынша – сайлау комиссиясының төрағасына, ал ол болмаған жағдайда, сайлау комиссиясының хатшысына тапсырылады.
4. Учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Р еспубликасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 1/2 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін табыс ету туралы нұсқаулыққа сәйкес береді.
Учаскелік сайлау комиссиясы пайдаланбаған есептен шығару куәліктері тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиясына акт бойынша қайтарылуға тиіс.
5. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына есептен шығару куәліктерін пайдалану туралы есеп береді.
6. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
7. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы О. Жұмабеков
Астана, 11 қараша 2005 жылы
№ 43/85
Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
