| 21.10.2026 |
|
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан
Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық
сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Сарапшылық кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 қазандағы № 100/590 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық кеңестің құрамында:
3, 4, 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Асанова Жанна Бейсентайқызы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институтының Алматы қаласындағы филиалының директоры (келісім бойынша)»;
4. Әбдрасулов Ермек Баяхметұлы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конституционализм және цифрлық құқық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, заң ғылымдары академиясының академигі (келісім бойынша)»;
5. Әжіғұлова Халида Қанатбекқызы Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының тәуелсіз директоры, құқық бойынша PhD докторы (келісім бойынша)»;
6. Әубәкірова Индира Оралқызы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»;
9, 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ермаханова Салтанат Амангелдіқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қоғамдық пікір мониторингі бөлімінің басшысы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)»;
10. Жақаева Лейла Сұлтанқызы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»;
13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Имашева Снежанна Валерьевна Қазақстан Республикасы Құрылтайының І шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасындағы отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)»;
16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мұхамеджанов Эдуард Булатұлы «Кәсіби заң консультанттары палатасының» заң консультанты, Каспий университетінің жария құқық Институтының бас ғылыми қызметкері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша)»;
20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының этномәдени бірлестіктерімен өзара іс қимыл бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдардың кандидаты (келісім бойынша)».
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төраға |
Н. Әбдіров |
|
Хатшы |
Ш.Өтемісов |
Астана қаласы
2026 ж. 21 қазандағы
№ 65/113
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
