| 28.09.2016 |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
№ 26, № 27 санды ақпараттық бюллетеньдерінде жариялауға жататын құқықтық актілердің тізбелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының № 26, № 27 санды ақпараттық бюллетеньдерінде жариялауға жататын құқықтық актілердің тізбелері осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сай бекітілсін.
2. 2016 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының № 26, № 27 санды ақпараттық бюллетеньдерін таралымы 80 (сексен) данадан дайындау қамтамасыз етілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.
Төраға Б. Имашев
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 28 қыркүйек
№ 44/142
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
