| 26.04.2016 |
|
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 9572 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 18 шілдеде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-қосымша осы қаулыға 1 - қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
9-қосымша осы қаулыға 2 - қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Астана қаласы
2016 жылғы 26 сәуір
№ 33/129
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
