| 29.08.2018 |
|
2018 жылғы 28 қазанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабына және 113-бабына сәйкес ағымдағы 2018 жылғы 28 қазанда Республиканың 14 өңірінде, Түркістан облысы, Астана және Шымкент қалаларын қоспағанда, 83 бос округ бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізіледі.
12 депутат облыстық мәслихатқа, 9 қалалық және 62 аудандық мәслихатқа сайланады.
2018 жылғы 28 қазандағы сайлау науқанында депутаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату себептері мынадай болды:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуі - 31;
2) мемлекеттік қызметке қабылдануы - 26;
3) орнынан түсу туралы жеке өтініші - 16;
4) депутаттың қайтыс болуы - 5;
5) облыстық мәслихат депутаты болып сайлануы - 3;
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы - 2.
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
