| 19.04.2019 |
|
«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 2-тармағына, 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына, 54-бабының 1-тармағына және 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 6/263 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 19 сәуір
№ 14/241
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
