| 17.06.2019 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Н. Жайылғанованың өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 2, 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің «А.Н. Жайылғанованы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» 2019 жылғы 14 маусымдағы № 16 Жарлығының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Анар Нұралықызы Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
2. А.Н. Жайылғанованың Парламент депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 17 маусым
№ 43/278
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
