| 19.06.2019 |
|
Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2019 жылғы 24 маусымға тағайындалған сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2019 жылғы 24 маусымға тағайындалған сайлауды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулыны Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясына сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2019 жылғы 19 маусым
№ 44/279
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
