| 25.06.2020 |
|
2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депуттатарының сайлауында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 бабының 3 тармағына, 33 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 300 000 (үш жуз мың) теңге;
2) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшілік шараларын өткізуге, кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 80 000 (сексен мың) теңге.
2. Осы қаулы облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы,
2020 жылғы 25 маусым
№ 13/308
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
