| 14.09.2021 |
|
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Ғ.Б. Хамзинді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Ұлттық кеңесінің 2021 жылғы 30 тамыздағы № 3 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ғани Булатұлы Хамзинге берілсін.
2. Ғани Булатұлы Хамзин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.
3. Ғани Булатұлы Хамзинге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
С. Мұстафина |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 14 қыркүйек,
№ 11/423
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
