| 02.11.2021 |
|
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 2/220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::
1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 2/220 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Күнтізбелік жоспарларды бекіту туралы қаулы қабылданғаннан кейін екі күннен кешіктірілмей, олар тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына жіберіледі және Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.»;
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Тапсырмаларды орындау мерзімі Ортсайлауком Төрағасының бұрыштамасында белгіленеді. Бұл ретте бұрыштама мынадай белгілерді қамтуы мүмкін:
«дереу» - құжатты орындау мерзімі 1 күн;
«жедел» - орындау мерзімі 3 күн ішінде;
«шұғыл» - орындау мерзімі 7 күн ішінде.
Дайджест материалдары бойынша тапсырмаларды орындау мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды.»;
79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Құжат пысықтауға қайтарылған жағдайда оны орындау мерзімі, егер өзгеше белгіленбесе, 10 жұмыс күнін құрайды.»;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Ортсайлауком аппаратының құрылымы мен штат кестесін саны мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Ортсайлауком Төрағасы айқындайды.
Ортсайлаукомда және оның ведомствосында мынадай жұмыс режимі белгіленеді: жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 12 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін.
Ортсайлауком мүшелері мен оның аппаратының қызметкерлері үшін олардың өтініші бойынша Ортсайлауком Төрағасының, аппараты басшысының өкімдері негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өзге жұмыс уақыты режимі айқындалуы мүмкін.»;
120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«120. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізуді, хат-хабар қабылдауды, өңдеуді және бөлуді, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізуді құжаттамалық қамтамасыз етуге және бақылауға жауапты құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында құжаттама жасаудың, құжаттаманы басқарудың және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдаланудың қағидаларына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Электрондық құжат айналымы және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сай жүзеге асырады.»;
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121. Ақпараттық жүйелер жұмысы Ортсайлауком Төрағасының өкімімен бекітілген ақпараттық қауіпсіздік саясаты талаптары ескеріле отырып, қамтамасыз етіледі.»;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Ортсайлаукомда өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.»;
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«125. Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының «ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ» омырауға тағатын белгісін қайта беру туралы өтініші келіп түскен кезде кадр қызметінің қызметкері Ортсайлауком Төрағасы орынбасарының бұрыштамасы негізінде оны алуға тізімдеме ресімдейді.».
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 2 қараша,
№ 15/429
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
