| 24.12.2021 |
|
Қазақстан Республикасында сайлау процесінің қатысушыларын
оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2022 жылға арналған
шаралар кешені туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасында сайлау процесінің қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2022 жылға арналған шаралар кешені осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құрылымдық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Электораттық оқыту орталығымен және оның өңірлік филиалдарымен, сондай-ақ электораттық оқытудың басқа да субъектілерімен жоғарыда көрсетілген Шаралар кешенін іске асыру жөнінде іс-қимыл жасауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Талдау және коммуникациялар бөлімі осы қаулы қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С.С. Мұстафинаға жүктелсін.
6. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2021 жылғы 22 желтоқсан,
№ 19/434
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
