| 31.01.2022 |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 793 Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Л.М. Қалтаеваны тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Л.М. Қалтаеваны тағайындау туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 793 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Ләззат Молдабекқызы Қалтаева тіркелсін.
2. Тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатына тиісті куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырылсын.
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Н. Әбдіров |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
А. Щегорцова |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 28 қаңтар,
№ 6/442
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Жетісу облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Маңғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы
- Ұлытау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
